Облыс орталығындағы «Самал» қонақүйінің өртеніп жатқаны жөніндегі хабар өрт сөндірушілер диспетчеріне 9 сағат 08 минутта жеткен. Өрттің жалпы аумағы 2420 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау 10 сағат 41 минутта тоқтатылып, 11 сағат 3 минутта жойылды.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталу үстінде.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 10 адамы мен 3 техника бірлігі жұмыс жасады.