ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ернар Әбсейітұлы Мақажанов 1981 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. Еңбек жолын 2005 жылы жедел бөлімшелерде, оның ішінде Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінде (қаржы полициясы) қызмет етуден бастады. 2015-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы және Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшысы лауазымдарында қызмет етті.
2017 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында басшылық қызметтер атқарып келді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы Экономика және қаржы басқармасының басшысы тағайындалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.