Қамбарбек Мүбараков Қызылорда облысының Экономика басқармасына басшы болды

None
Фото: акимат Кызылординской области
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Экономика және қаржы басқармасының басшысы қызметіне Қамбарбек Мүбараков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қ. Мүбараков 1973 жылы дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы экономика және менеджмент», Қызылорда гуманитарлық университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Өзгент совхозындағы орталық қырманның слесарі болып бастаған.1997-2009 жылдары салық органдарында түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2009-2018 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы болды.

2019-2022 жылдары Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Шиелі ауданының әкімі, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының төрағасы қызметтерінде болды.

2022 жылдың қараша айынан осы кезге дейін Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшыс тағайындалған еді.


Соңғы жаңалықтар