Қызылорда облысында 4 тауар нарығына талдау жасалды

Фото:
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Аймақта жыл басынан бері төрт тауар нарығына талдау жасалған. Оның екеуі - агроөнеркәсіп кешені, біреуі – құрылыс болса, соңғысы - өзге сала, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерсін Орынбаев мәлімдеді.

- Департамент қызметкерлері жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын беру бойынша мемлекеттік органдардың 12 өтініш хатын қарады. Оның ішінде 11 тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілері анықталмағаны, ал біреуінің растылығы туралы қорытынды берілді. Бүгінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 169, 174, 194 баптарына сәйкес бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылық дерегі бойынша жергілікті мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінің іс-әрекетіне қатысты 4 тергеу жүріп жатыр. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылық деректері бойынша 1 нұсқама шығарылды,-деді Ерсін Сейітханұлы.

Оның айтуынша, департамент меморгандар мен нарық субъектілеріне ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екені туралы 34 хабарлама шығарып, барлығы орындалған.


Соңғы жаңалықтар