ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында көпқабатты үйдің терезесінен төрт жасар қыз құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін, 5 маусымда сағат 13:14-те Жаңақорған ауданына қарасты Шалқия кентіндегі бес қабатты үйдің екінші қабатынан төрт жастағы қыздың құлағаны туралы хабарлама түскен.
«2019 жылы дүниеге келген сәби үлкендердің бақылауынсыз қалып қойған. Сәби балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада жыл басынан 13 адам суға кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.