Қызылордада жыл басынан бері 13 адам суға кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 13 адам суға кеткен. Оның ішінде 5-і бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада жыл басынан бері 13 адам суға кетті

Облыста суға кету оқиғалары азаймай тұр. Мамыр айында төрт адам осындай оқыс оқиға салдарынан көз жұмды.

«Былтыр осы аралықта 8 адам суға кетіп қаза болған еді. Оның ішінде 3-і бала. Биыл суға кеткендердің саны 13 адамға жетті, олардың арасында 5-і бала. Сондықтан тұрғындардан» барлық қауіпсіздік шарасына назар аударуды сұраймыз», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қайығы аударылып, көл ортасында қалып қойған ресейліктер құтқарылды.