Зардап шекен азамат сол жерде ажал құшты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова хабарлады.
Келеңсіз жағдай бүгін сағат 00-10-да орын алған. Қаза тапқан Шиелі ауданының тұрғыны болып шықты.
Оқиға орнына облыстық ТЖД Шиелі ауданы ТЖБ жедел тобынан 2 адам, 1 техника бірлігі, ҚІІЖ жедел тобы 2 адам, 1 техника бірлігі, жедел дәрігерлік жәрдем беру тобынан 3 адам, 1 техника бірлігі барды.