Бұл туралы облыстық еңбекті бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті мемлекеттік инспекциясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Инспекция қызметкерлері биылғы жылдың бірінші тоқсанында 150 рет тексеру жұмыстарын жүргізді. Анықталған 320 фактінің 269-ы «Еңбек туралы» Заңды, 46-сы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін, 5-еуі еңбекке тарту талаптарын бұзуға қатысты. 2012 жылғы 1 сәуірге дейін олардың 230-ы бойынша немесе 72 пайызында жағдай түзетілді. Сонымен бірге 16 іс ішкі істер органдарына, 14-і сотқа өткізілді. Барлық тексеру жұмыстарында анықталған бұзушылықтарға байланысты кінәлілерге жалпы сомасы 3 млн. 216 мың теңгені құрайтын 106 айыппұл салынды. Күні бүгінге дейін бұл қаржының 2 млн.-нан астам сомасы өндіріп алынды.