ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында ауа райының нашарлауы байқалып тұр.
«Осыған байланысты «Қазавтожол» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалынан республикалық маңызы бар автомобиль көлік қозғалысына шектеу қою туралы шешім қабылданды. Ауа-райының нашарлауына байланысты 3 ақпанда Астана уақытымен 12.40-тан бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1357-1715 шақырым аралығында барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Ол Арал қаласынан Жалағаш ауданының аумағына дейінгі аралықты қамтиды», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, Қызылорда облысында бүгін 140 мыңнан астам оқушы қашықтан оқиды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.