Қызылорда облысында 140 мыңнан астам оқушы 3 ақпанда қашықтан оқиды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 140 мыңнан астам оқушы 3 ақпанда қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында ауа райының қолайсыздығы байқалып отыр.

«Осыған байланысты 3 ақпанда 0-11 сынып аралығындағы оқушылар қашықтан оқытылады. Айта кетейік, облыстық интернаттарда сабақ процесі қалыпты жағдайда жүргізіледі. Ал жеке мектептердегі оқу форматы мектеп құрылтайшыларының шешіміне сәйкес іске асырылады. Нәтижесінде Жаңақорған мен Шиелі аудандарын қоспағанда 208 мектептегі 140 033 оқушы ертең қашықтан білім алады», - деп мәлім етті облыстық білім басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар