Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен жиында ішкі істер департаменті жергілікті полиция құрылымының бастығы Қалижан Қобландин осы және басқа да мәліметтерді алға тартты.
Қызылорда облысында қылмыс 19,4 пайызға төмендесе, одан кейінгі орында Павлодар-18,5 пайыз, Қостанай 12,6 пайызды құрайды. Қылмыстар ішінде, әсіресе, бұзақылық, алаяқтық, ұрлық біршама азайған. Төмендеу үрдісі барлық аудандар мен қалада байқалады. Жүргізілген 72 жедел-профилактикалық шара барысында аймақта «нөлдік төзімділік» принципі бойынша 260 750 әкімшілік, жол қауіпсіздігі саласында 108 698 құқықбұзушылық анықталған.
Жергілікті полиция қызметі облыс әкімінің өкімімен өткен жылы 5 қаңтарда құрылған болатын. Қазір онда мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.