ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында стационарларда орын тапшылығы жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Облыс ауруханаларындағы инфекциялық стационарда 645 орын бар. Ал провизорлық стационарлар 1 790 орын бар. Олардың жалпы саны 2 435 төсек-орынды құрайды. Бүгінгі күні ауруханаларда бос 820 орын бар. Ол 34 пайызды шамасында. Яғни стационарларда орын тапшылығы жоқ. Егер қажеттілік туындаған жағдайда жеке клиникаларды да оңтайландырып пайдалануға келісім жасалған», - деп мәлім етті облыс әкімдігінен.
Облыста 15 шілдеге дейінгі орындардың жүктемесі 77 пайыз шамасында. Ол 21 шілдеде 66 пайыз көлемінде болды. Осылайша ауруханада ем алушылар саны 9 пайызға азайды.
Сондай-ақ, Қызылордада жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалғандар саны 2 есеге азайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.