Қызылорда тұрғыны көшеде шолақ мылтық алып жүрген

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көше бойында қару алып жүрген жергілікті тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияға Қызылорда қаласының Журба көшесініңбойында белгісіз азаматтың қару алып жүргендігі жөнінде хабарлама түседі. Соғансәйкес жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде қалада тұратын 38 жастағы азамат ұсталып, шолақ мылтық тәркіленді.

«Аталғандерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгітергеп-тексеру басталып, ұсталған күдікті уақытша ұстау оқшаулағышынақамалды.

Күдіктініңкінәсі дәлелденсе,сот шешімімен оған

бес мыңайлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеужұмыстарына, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе солмерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалуы мүмкін», - деп мәлім еттіҚызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БұғандейінҚызылордада гараждан қымбат көлік ұрлағандаріздестіріліп жатқанын хабарланғанболатын.

Соңғы жаңалықтар