Қызылорда түрмесінде сотталғандар өз денелеріне жарақат салды
Polisia.kz сайтының жазуынша, наразылық акциясына қатысқан үш адамның біреуі кісі өлтіргені үшін, тағы бірі қарақшылық жасағаны, үшіншісі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған.
«Оқиға орнына жедел тергеу тобы, қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері, сондай-ақ облыстық Қылмыстық-атқрау жүйесі департаментінің басшылығы келді. Келген комиссияға сотталғандар өздері жатқан камераларда тінту іс-шараларын жүргізуге, сол тексеру қорытындысы бойынша тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін тәртіптік жаза қолданылатынына келіспейтіндерін айтты. Өздері салған жарақатты емдеу үшін сотталғандар Қызылорда облысының облыстық медициналық орталығына жеткізілді. Медицина қызметкерлері оларды ауруханада емдеу қажет еместігін айтты. Аталған қарсылық әрекет ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, қызметтік тексеру тағайындалды. Барлық тексерулердің қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті шаралар қабылданады», - деп жазады Polisia.kz.