Еске сала кетсек, Қызылорда қаласында Жылу электр орталығының мұржасы құлап, екі жұмысшы зардап шеккен болатын.
«Бастапқы мәлімет бойынша, 14 мамырда сағат 19.00-де Қызылорда облысындағы ЖЭО-да мұржаны бұзу жұмыстарын жүргізу барысында, ол «Алтын ЛТД» ЖШС-ның екі жұмысшысының үстіне құлап кетті. Олардың бірі облыстық медицина орталығына жеткізілді, екіншісі қирандылар астында қалып отыр. Құтқару жұмыстары жалғасуда», - деп мәлімдеген еді Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, құтқару жұмыстарына Қызылорда облыстық ТЖД-ның, Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының, Қызылорда облыстық ТЖД-ның өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметтерінің мамандары мен техникалары жұмылдырылған.
Құтқару жұмыстарына 60 адам, оннан астам техника мен екі кинологиялық есептоп жұмылдырылған.