Қызылордада 10 жасар бала суға батып кетті

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында он жастағы жасөспірім Сырдария өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқоңырқаласында тұратын жасөспірім дарияның рұқсат етілмеген аумағында суға түскен.

БиылҚызылорда облысында жасөспірімдердің суға кету жағдайы алаңдатып отыр. Бұлжөнінде Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарыСаид Молдақараев журналистермен жүздесуде айтып өтті. Биылғы жылы 12 жасөспірімсуға кету салдарынан көз жұмды. Барлығында да олар ата-аналарының бақылауынсызқалу салдарынан осындай оқыс жағдайға ұшыраған.

«Департаменттарапынан судағы қауіпсіздік жөніндегі рейдтер мен үгіт-насихат жұмыстарытұрақты түрде жүргізіліп келеді. Соған қарамастан суға түсудегі қауіпсіздікшаралары сақтала бермейді»,-деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлардепартаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада 21жастағы жігіт суға кеткенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар