ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері көші-қон заңын бұзған 212 шетелдік ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 айда облыс аумағына түрлі мақсатпен келген 27 мыңнаа астам шетел азаматы уақытша тіркеуге алынған. Оның ішінде 25 184-і ТМД елдерінен болса, ал 1 896-ы алыс шет елден келгендер.
«Әкімшілік кодекстің 517-бабы бойынша заң талаптарын бұзған 3 307 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жолмен республика аумағынан 212 шетелдік шығарылды», - делінген департамент хабарламасында.
Оларға 9,1 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, өңірде жыл басынан 10 391 шетелдіктің еңбегі заңдастырылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.