Өңірдегі жеті ауданда ауыл әкімі сайлауы өтуде.
«Облыс бойынша 54 сайлау учаскескесінде дауыс беру өтіп жатыр. Оған 304 комиссия мүшесі тартылған. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің барлығы таңғы сағат 6.00-де ашылып, тиісті хаттама жасалды. Жергілікті уақыт сағат 7.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін комиссия мүшелері сайлаушыларға сайлау бюллетенін береді. Ал сайлаушылардың келуі туралы алдын-ала ақпарат 21.00-де ұсынылады», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.
Өңірде 40 ауылдық округ бойынша әкім сайлауына 151 кандидат ұсыныс білдірген болатын. Олардың арасында 53-і саяси партиялар құрамынан болса, 98-і өзін-өзі ұсынушылар.
Облыс бойынша 2 сайлау округінде 2, 28-де 3, 8-де 4, 1-де 5, 1-де 6 кандидат ел сеніміне ие болуға күш салады.
Сондай-ақ, 1 сайлау округінде 3, 10 округте – 2, 26 округте 1, 3 округте - тек өзін-өзі ұсыну жағдайы көрініс берді, оларда саяси партия өкілдері жоқ.