Қызылордада 131 кандидат әкім сайлауына қатысуға мүмкіндік алды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 40 ауылдық округте тұрғындар әкімдер сайлауына қатысуына мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде 40 ауылдық округ бойынша әкім сайлауына 151 кандидат ұсыныс білдірген болатын. Олардың арасында 53-і саяси партиялар құрамынан болса, 98-і өзін-өзі ұсынушылар.

«Календарлық жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттарды тіркеу 14 шілде жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталды. Нәтижесінде 134 кандидат тіркелді. Олардың арасында 49-ы саяси партиялар құрамынан болса, 85-і өзін-өзі ұсынғандар. Айта кетерлігі, 3 кандидатты тіркеу тоқтатылды. Бұл бойынша 2 кандидаттың декларация мәліметтері дұрыс келген жоқ, 1 кандидат өз өтінішіне сәйкес әкімдер сайлауына қатысудан бас тартты», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.

Оның айтуынша, барлық талаптарға сай келген 131 үміткер әкімдер сайлауына қатысуға мүмкіндік алды. Ол барлық ұсынылған азаматтардың 86,7% құрайды.

Түрлі себептер бойынша 17 кандидат алынып тасталды. Оның ішінде 9-ы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің E-R-1 санатына сәйкес еместігі бойынша аталған тізімнен шығарылды. Ал 7--і өз кандидатурасын алу туралы өтініш білдірген. Ал 1 адам 14 шілде сағат 18.00-ге дейін барлық қажетті құжаттардың ұсынған жоқ. Облыс бойынша 137 кандидаттың құжаттары арнайы тексеруге жіберілді. Барлық тіркелген кандидаттар тиісті ауылдық округтен кандидат куәлігін алып, сайлау бюллетеніне енгізілді», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.

Облыс бойынша 2 сайлау округінде 2, 28-де 3, 8-де 4, 1-де 5, 1-де 6 кандидат ел сеніміне ие болуға күш салады. Сондай-ақ, 1 сайлау округінде 3, 10 округте – 2, 26 округте 1, 3 округте - тек өзін-өзі ұсыну жағдайы көрініс берді, оларда саяси партия өкілдері жоқ», - деді Ғ. Баймырзаев.


Соңғы жаңалықтар