ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен 72 жастағы әйел екі аптадан бері табылмай жатыр. Бұл жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қаласында тұратын қария 7 ақпанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу жариялады.
«Азаматшаның ерекше белгілері: бойы: 1,55-1,60 см, арық денелі, қара торы келген, шашы ақ, қысқа, көзі – қоңыр. Үстіне қоңыр түсті көйлек, қоңыр түсті жемпір, аяғына қара түсті галош киген. Ақ түсті орамалы бар. Қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар беруді сұраймыз. Тел: 8(7242) 29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғу қажет», - деп жазылған полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 37 жастағы азамат екі айдан бері табылмай жатқаны хабарланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.