Қызылорда облысында 37 жастағы азамат екі айдан бері табылмай жатыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 37 жастағы азамат екі айдан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңақорған кентінде тұратын Әбуов Тұрсынжан Ертайұлы 2021 жылдың 4 қарашасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері хабар-ошарсыз.

«Т. Әбуов Түркістан облысы Кентау қаласында 1985 жылы дүниеге келген. Үстіне қара түсті қыстық куртка, қара қалпақ, көк түсті джинси шалбар, қара түсті қыстық аяқ киім киген.

Жоғалған азамат жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 24-1-58 телефон нөмірі арқылы немесе 102 арнасына шұғыл хабарласуды сұраймыз», - деп мәлім етті Жаңақорған ауданының полиция бөлімінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада желтоқсан айында жоғалған 16 жастағы қыз ақпанда елордадан табылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар