ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 87 жастағы қария өзіне қол жұмсап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл келеңсіз оқиғаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«20 ақпан күні облыс орталығының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсаған. Тексеру барысында зорлық белгілерінің болмағандығы анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлім етті ведомстводан.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.