ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында әкесі мен баласы елсіз далада жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 17 қарашада Жалағаш ауданына қарасты Аққыр ауылынан 150 шақырым жерде орналасқан аймақта екі адам жоғалып кеткен. Оның бірі -1981 жылғы азамат болса, екіншісі - оның 9-10 жастағы баласы.
«Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бұл жөнінде хабарлама сағат 12.40-те түскен. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы мамандары жетті. Бұл бағытта іздестіру жұмыстары жүргізіледі», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бүгін Қызылордада мал бағуға шыққан 12 жастағы бала табылды.
Сондай-ақ, Қызылордада жоғалған азамат екі күннен кейін елсіз даладан табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.