Қызылордада жоғалған азамат екі күннен кейін елсіз даладан табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жылқымен мал іздеуге шыққан 36 жастағы азамат екі күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласына қарасты Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай ауылындағы шаруа қожалығында жұмыс істейтін 1984 жылы туған азамат 15 қараша күні сағат 12.00 шамасында мал қарау үшін жылқы мініп шығып кеткен.

«Сырдария ауданы бағытында жолға шыққан ол содан бері хабарсыз кетіп, үйге оралмаған. Жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы мен 1 кинолог іздеуге кірісті. Іздестіру шаралары барысында ол елсіз даладан табылды. Табылған азамат жедел жәрдем қызметіне жеткізілді», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын мал бағып жүріп жоғалған бала қойлармен бірге елсіз далада түнегенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар