Қызылордада мал бағып жүріп жоғалған бала қойлармен бірге елсіз далада түнеген

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мал бағуға шығып, бір күннен бері хабарсыз кеткен 12 жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Еске салсақ, оқиға 16 қарашада Қазалы ауданына қарасты Ажар елді мекенінде тіркелді.

2009 жылғы бала сол күні 9.00 шамасында елді мекеннің кезекпен бағылатын қойын жаюға шыққан. Алдында 200-ге тарта қой болған.

Одан кейін шығыс беткейдегі 10-15 шақырымда орналасқан «Үшағаш» деген мал жайылымдық жерге қарай бағыт алған.

Содан бір күн бойы хабарсыз кеткен .

Жоғалған бала бүгін, 17 қарашада ауыл маңындағы Қаңбақшал учаскесінен аман-есен табылды. Бұл жөнінде аудан әкімдігі хабарлады.

«Бұл оқиға аудан әкімдігінің тікелей бақылауында болды. Оқиға орнына аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары барды. Іздеу жұмыстарына 10-нан астам автокөлік пайдаланылды. Аудандық полиция бөлімі, Жанқожа батыр атындағы шекара бекеті, аудандық төтенше жағдайлар, аудандық білім бөлімдері, Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мен Кәукей ауылының еріктілері, жергілікті тұрғындар іздеуге қатысты. Барлығы 50-ге жуық адам аталған шараға жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қазалы ауданы әкімдігінен.

Мәлім болғандай, бала түнгі уақытта қойлардың арасын паналап жатқан. Өткен тәулікте өңірде қар жауып, ауа райы күрт суытып кетті.



Соңғы жаңалықтар