ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлаған үш жастағы сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 10 сәуір сағат 18:45 шамасында Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев ауылында болған.
Ересектердің қадағалауынсыз қалған 2019 жылғы сәби абайсызда арыққа құлап кеткен.
«Төтенше жағдайлар қызметіне сәбидің арыққа құлап қкөз жүмғаны жөнінде ақпарат түсті. Мәйіт жергілікті тұрғындар күшімен судан шығарылған. Төтенше жағдайлар саласы мамандары оқиғаның мән-жайын анықтады», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада мал бағуға шыққан адам бірнеше күннен кейін табылғанын жазған болатынбыз.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.