ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ата-анасынан адасып қалған бес жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол облыс орталығындағы «Еуразия» спорт кешенінен шыққан. Сол сәтте жанында ата-анасы болмаған. Ата-анасының бақылауынсыз қалған бала оны көргендердің айтуынша қоғамдық көліктің біріне мініп кеткен. Балаға әлеуметтік желіде іздеу жарияланды. Полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың аман-есен табылғаны жайында хабар берді.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада жоғалып кеткен 9 жасар бала аман-есен табылғанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.