ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Қыдыров көшесінде БМВ автокөлігі жол бойындағы электр бағанасын соққан. Салдарынан көлік жарамсыз болып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға қалалық ішкі істер басқармасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелген.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Келеңсіз жағдайдың мән-жайлары анықталуда. Оқиға орнынан кетіп қалған автокөлік жүргізушісін анықтау жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.