Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Олардың айтуынша, қаладағы сауналардың біріне баса-көктеп кірген белгісіз 4 адам кассирден қомақты ақшаны тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Қызылордалық полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде бір сағаттың ішінде күдіктілердің біреуі қолға түсті. Ол балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі. Тағы үш күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Олардың екеуі балалар үйінің тәрбиеленушісі болып шықты. Полиция қызметкерлері оларды да көп ұзатпай қолға түсірді.
«Қарақшылық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігінің 1, 4 тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, оларға мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Бұдан бұрын Қазалыда ақтөбелікке қарақшылық шабуыл жасаған 3 жігіт ұсталған еді.