Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіруге адам жалдаған әйел ұсталды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру мақсатында адам жалдаған әйел қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрынғыкүйеуін өлтірмек болған әйел бұл мақсатта Түркістан облысы тұрғынымен келісімгекеледі. Оған жұмысын орындағаннан кейін 20 мың АҚШ долларын беруге келіседі. Ал ол бұл жөнінде полицияға хабарлаған. Сондай-ақ жалған түрде адам өлтірген кейіптанытқан.

«Нәтижесіндеполиция қызметкерлері 48 жастағы азаматшаны қолға түсірді. Ол адам өлтіругежалдаған Түркістан облысы тұрғынын шығарып салуға Қызылорда қаласының шетаймағына келген. Әлгі азаматтың қолына 10 мың теңге ұстатады. Қалғанын бұрынғыкүйеуінің мүліктерін сатып болғаннан кейін беретінін жеткізеді. Сол сәтте оныполиция қызметкерлері ұстады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полициядепартаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.

Ол полиция басқармасының уақытша ұстауабақтысына қамаққа алынды.

Қазіргітаңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігінің 8-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарыжүргізілуде. Онда қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу, адам өлтіружағдайлары көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар