ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол өткен жылдың қараша айынан бері ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған. Оған қатысты сот үкімі бойынша бұлтартпау шарасы таңдалған еді. Полицейлер мемлекетаралық іздеу жарияланған тұрғын қолға түсті.
«Полицейлер тарапынан қылмыс жасаған адамдарды іздестіру тұрақты түрде жүргізілуде. Өткен жылдан бері тәртіп сақшылары 34 қылмыскерді ұстады. Олардың саны биыл бес адамды құрайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ұзақ ақпарат жинау және нұсқаларды қайта тексеру нәтижесінде қылмыстар ашылады. Бұл жұмысты күшейту мақсатында әр тоқсан сайын республикалық «Іздеу» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Еске салсақ, Қызылорда облысында 37 жастағы азамат екі айдан бері табылмай жатыр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.