ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осы мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
«Іс-шара барысында тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық азамат облыс орталығында қолға түсті. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігімен (қарақшылық) бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада мобильді бекеттен өтпек болған көліктен аса ірі көлемде есірткі табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.