ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Шіркейлі каналына суға батып кеткен жігіттің мәйітін іздеуге 14 құтқарушы тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, бүгін елорда уақытымен 05.55-те Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісіне хабар келіп түскен. Онда Қызылорда қаласындағы автокөлік көпірінің маңындағы Шіркейлі каналына 28 жастағы азаматтың суға кеткені айтылған. Мәлім болғаны, ол каналға жуынуға барған сәтте құлап кеткен.
«Оқиға орнына мамандар 3 техника және 2 қайықпен жетті. Қазір суда іздестіру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.