Қызылордада ер адам каналға бетін жумақ болған сәтте құлап кеткен

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 28 жастағы азамат Шіркейлі каналына суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мәлім болғандай, бүгін жергілікті уақытпен таңғы 6.00-де ол бетін жуып жатқан сәтте абайсызда каналға құлап кеткен.

«Аталған шақырту бойынша құтқарушылар мәйітті іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Әзірге табылған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ, Қызылордада балық аулауға шыққан адам суға батып кетті.


Соңғы жаңалықтар