ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан «Самара-Шымкент» тас жолының бірқатар бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстың Арал ауданымен шектесетін Ақтөбе облысының ауа-райы нашарлаған. Қатты аяз болып тұр.
«Осыған байланысты 11 қаңтарда елорда уақытымен 20:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1343 шақырым аралығына дизельді және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданының орталығына дейінгі аралықты қамтиды», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын да Қызылорда облысында бірқатар жол бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.