Қызылорда облысында бірқатар жол бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан «Самара-Шымкент» тас жолының бірқатар бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың Арал ауданымен шектесетін Ақтөбе облысының ауа-райы күрт бұзылған. Онда қатқақ болуы мүмкін.

«Осыған байланысты 9 қаңтарда елорда уақытымен 23.55-тен бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығына дизельді көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданының орталығына дейінгі аралықты қамтиды», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Еске салсақ, осындай ауа райына байланысты аталған бөлікте 8 қаңтар күні көлік қозғалысына шектеу қойылып, кейін қайта ашылды.


Соңғы жаңалықтар