22 сәуірде Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері экологиялық қылмыстарға қарсы жедел жұмыстарды жүргізу барысында 8 дана киік мүйізін сақтап жүрген 37 жасар қала тұрғынын ұстады. Мүйіздер айғақ зат ретінде тәркіленді, қазір тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Дәл осындай дерек 20 сәуір күні де тіркелген болатын. Сырдария аудандық ІІБ қызметкерлері рейдтік шолу жұмыстары барысында Қызылорда-Құмкөл жолында киік мүйізін алып келе жатқан 41 жасар Жалағаш ауданының тұрғынын анықтап, сөмкесінен 2 киік мүйізін тәркіледі.
Қазіргі таңда 2 дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ұсталған азаматтардың кінәсі толығымен дәлелденсе, олар 3 мың АЕК мөлшерде айыппұл салынады немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.