ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында көлік жол бойында велосипед мінген адамды қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Қызылорда қаласының Бейбітшілік көшесі бойында болған.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.