ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қала көшесінде адасып жүрген 4 жасар бала ата-анасына аман-есен табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 7 қыркүйекте Қызылорда қаласы Төле би көшесінде болды. Таңертеңгі сағат 10:30-11:00 шамасында 4 жасар Әділ есімді бүлдіршін табылған.
Бала ата-анасының есімдері Мақсат, Қалдыгүл екенін айтқан.
«Нәтижесінде бүлдіршіннің ата-анасы, туған-туысқандарына іздестірілді. Біршама уақыттан кейін оның ата-анасы табылды», – деп мәлім етті қалалық полиция басқармасы.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада із-түзсіз кеткен жасөспірім қыз 2 күннен кейін табылды.
Сондай-ақ, Қызылордада Сырдария жағалауына жете алмай қалған жасөспірім құтқарылды .
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.