ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында полицейлер көшеден заңсыз қару алып жүрген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыста «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара аясында Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Әйтеке би кентінде жанармай құю бекеті тұсында қару ұстап келе жатқан 22 жастағы тұрғынды тоқтатты.
«Тексеру барысында тұрғыннан ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ 16 калибрлі қос ауыз аңшы мылтығы анықталды. Анықталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Онда ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаметінен.
Еске салсақ, Қызылорда облысында енесін ұрған келін 30 тәулікке қамалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.