«Еліміздегі мерекелердің мерекесі, ең ұлық күн - Тәуелсіздік күнінде Қызылорда қаласындағы Орталық алаңда халыққа мерекелік концерт қойылды», - делінген хабарламада.
Қызылордалықтарды қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов құттықтады. Шара барысында Ж. Оразғұлов, А. Қожахметов, Г. Бисекенова, Ә. Өмірбек секілді әншілер мен «АрҚаз», «Райан» топтарының өнерпаздары «Туған жер», «Меркем», «Тек алға», «Қорқыт-қобыз», «Сарыжайлау», «Қазақстан», «Көк тудың желбірегені», «Елбасы елдің тұтқасы» атты әндерін орындап, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.