Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ОІІД-ға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Фестиваль барысында митинг өткізіліп, жыл көлемінде есірткі мәселесін көтеріп, үздік ақпараттандыру шарасын жүргізген БАҚ, қоғамдық ұйым өкілдері департамент тарапынан алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
Сондай-ақ концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, театрландырылған қойылымдар, ән мен би көрермен назарына ұсынылды.
Аталмыш акцияға қатысқан Қазақстан эстрада жұлдызы Асан Пердешов өзінің өнерін көрсетіп, бұқара қауымды нашақорлықпен ұйымдасқан түрде күресуге шақырды.
Кешенді іс-шараға қатысушыларға үгіт-насихат өнімдері таратылды.