ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада телефон арқылы жергілікті тұрғындардан ақша бопсалауды көздеген жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1994 жылғы келген жігіт өзін жұртқа әкімдік қызметкері ретінде таныстырады. Солайша оңай жолмен ақша табуды көздеген алаяқ тәртіп сақшыларының қолына түсті.
«Осындай жолмен әлгі азамат бір мекеме басшысына хабарласады. Одан 300 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Полицияға одан бөлек тағы екі шағым түскен. Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті тұлға анықталды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлжаһан Қайырбергенова.
Бүгінгі күні аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіден жауап алу барысында ол өзінің кінәсін толығымен мойындаған. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықталу үстінде.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.