Ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің, яғни 1991 жылғы және 1995 жылғы азаматтардың қылмыстық іс-әрекеттері толығымен дәлелденіп, айғақ заттары алынды.
Атап айтқанда, жоғарыда аталғандар 2016 жылдың 2 тамызында сағат 14.00-18.30 аралығында Қызылорда тұрғынының үйіне бірінші қабатта орналасқан бөлменің терезесі арқылы кіріп, жатын бөлмеде тұрған алтын бұйымдарын, 2 миллионға жуық ақшасын және 4 300 АҚШ долларын ұрлап кеткен. Шығынның жалпы сомасы 13 685 000 теңге.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Екі күдікті де Қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды.