ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында полицейлер теміржол бойында өзіне қол жұмсамақ болған адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Суицид жасауға әрекеттенген азамат аудан орталығында тұрады. Куәгерлердің айтуынша, оның мұндай қадамға баруына отбасындағы мәселе себепші болған.
«Полицейлер жедел әрекет етті. Нәтижесінде азамат өлімнен құтқарылды. Бұл сәтте Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Мейіржан Жандарбеков, учаскелік полицей Алмас Абдуллаев, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Ержан Айтжановтың белсенді қимыл жасады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.