Іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарды, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау қылмысының алдын-алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату, олардың түнде ойын-сауық орындарында болуын анықтау.
Шара барысында полиция қызметкерлері түнгі уақыттарда ойын-сауық орындары, демалыс орындары, сауда үйлері және дүкендерде рейд ұйымдастырады.