ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Белкөл стансасының пойыз тұрағында вагон тіркеуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға 29 қаңтарда болған. 39 жастағы ер адам тіркеу кезінде екі вагонның ортасында қысылып қалған.
«Ол вагондарды тіркеу барысында екі вагонның ортасында қысылып, оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ол бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда стансасы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерболат Сексенбаев.
Еске слаа кетсек, таяуда Қызылорда облысында екі контейнер өртеніп үш адамды күйік шалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.