Шара барысында қолөнер бұйымдары мен ұлттық кітап және тағам түрлерінің көрмелері ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындарына арналған ауыл өнерпаздарымен бірге «Вайнах» шешен ұлттық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерт берілді. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары мен өзге ұлт өкілдері өзара кездесіп, пікір алмасты. «Вайнах» шешен ұлттық бірлестігінің төрағасы Мовлади Исаевқа шапан жауып, құрмет көрсетілді.
22:10, 21 Қазан 2015
Қызылордада шешен ұлтының мәдениеті мен өнері күндері өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық округінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында облыстағы Шешен ұлтының мәдениеті мен өнері күндеріне арналған мерекелік шара болып өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.