Қызылордада такси жүргізушілерін тақырға отырғызған алаяқ сотталды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада такси қызметімен айналысқан азаматтарға алаяқтық жасаған 44 жастағы күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол өзінің арам ойын биылғы мамыр-маусым айларында жүзегеасырған. Алдау жолымен жеңіл ақша табуды көздеген ол такси қызметіменайналысатын жергілікті тұрғындардан қомақты қаржы жымқырып кеткен. Қызылордақаласында орналасқан ауруханалар мен емханалар алдында көлігімен тұрғаназаматтардың сеніміне кірген.

«Ол емдеу орындарындағы өзінің жақын туыстарының мәйітінқашық орналасқан елді мекендерге алып баруға алдымен өтініш айтады. Одан соңкейін қайтаратынын айтып, олардан ақша алдап алады. Алаяқ мұндай әрекетінбірнеше мәрте қайталаған. Сот тергеуі нәтижесінде сотталушы өз кінәсін толықмойындады», - деді Қызылорда қаласы №2 сотының баспасөз хатшысы ТаңшолпанАлтынбаева.

Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстықкодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылды. Оған 3жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұған дейін Аралдакөксерке балығын заңсыз аулағандардың сотталғандығын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар