ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада үш танысын алдап, оларға 2,5 млн теңге несие алдырған 34 жастағы азаматша қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қалалық полиция басқармасына облыс орталығының үш тұрғынынан арыз түсті. Олар былтыр желтоқсан айында бір әйел үш азаматшаны алдап, несие алдырған. Осылайша ол жәбірленушілерге 2,5 млн теңге көлемінде шығын келтірген.
«Жәбірленушілер одан ақшасын қайтаруды талап еткен. Дегенмен ол қаржыны қайтаруға ниет танытпаған. Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде Қызылорда қаласының 1987 жылғы тұрғыны қолға түсті. Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Алаяқтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.